"JAS.kz" - әрі жақсы ақпараттар сайты, әрі жастарға арналған сайт. Ең маңызды жаңалықтар, салиқалы сұхбат, мәнді мақалалар, фото және видеорепортаждар жарияланады. Сайтқа кірушілермен кері байланыс жасау үшін "Байланыс" тетігін қосып, e-mail және телефонымызды жазып, олармен байланысқа шығамыз. Оған қоса, телеграм секілді қосымшалармен де сайтымыздың қонақтарымен араласамыз. Сайтымызға мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі №15540-ИА 21.08.2015 күні берілген. Білім-ғылым, мәдениет, технология, студент күнделігі, туризм, спорт, керек кеңес, аударма, рецензия, афиша деген айдарларға материалдарымыз күнделікті салынып отырады. Штаттағы журналистерден басқа өзге оқырмандар жұмыстарын бізге жібере алады. Қойылған талаптарға сай болса, кез келген автор өз материалын жариялауға мүмкіндік алады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы да оқырмандармен жұмыс істейміз. Мақсат-міндетіміз - сайт оқырмандарын сапалы, қызықты, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ету. Ақпараттық, танымдық бағытта жарияланатын материалдар редактормен үнемі тексеріліп отырады. Сондықтан сайтымызды ақпарат ағынына қарсы тұра алатын бірден-бір сайт деп толығымен айта аламыз.